Verigram API-ге барлық сұраныстар аутентификациядан өтуі керек. Ол үшін сұраныс келесі тақырыптарды қамтуы керек:
X-Verigram-Api-Version: API нұсқасы, ағымдағы нұсқа 2.0X-Verigram-Api-Key: сіздің API кілтіңіз
API кілттерін Клиент консолінде жасай аласыз.
Кілттердің екі түрі бар:
Тесттік: уақыт және сұраныстар саны бойынша шектелген. Оны mockery (жалған) қызметімен пайдалануға болады.
Продакшн: уақыт бойынша шектелмеген, сұраныстар саны шарт талаптарымен шектелген, оны mockery қызметімен пайдалануға болмайды.
Продакшн API-кілттері
Тест кілтінен айырмашылығы, продакшн API кілті екі бөліктен тұрады:
API key - кілт тақырыпта беріледі
API secret - құпия сөз тақырыпта берілмейді, ол сұранысқа қолтаңба қою үшін пайдаланылады.
API-ға тест кілтімен колл жасаған кезде HMAC қолтаңбалары қажет емес.
Қолтаңбаны қалай жасау керек (HMAC-SHA256)
Сұраныс HMAC-SHA256 алгоритмі көмегімен Hex форматында қолтаңбаланады. HMAC — бұл деректердің ашық арналар арқылы берілу кезінде тұтастығы мен шынайылығын тексеруге мүмкіндік беретін криптографиялық әдіс.
Құпия кілтті (API Secret) Клиент консолінде табуға болады.

Қолтаңба екі элемент негізінде жасалады: сіздің API Secret (кілт ретінде) және қолтаңба үшін жол (Message).
Қолтаңба үшін жолды құру
Ағымдағы уақытты (секундтағы timestamp) және сұраныс жолын (URI) слэштен
/бастап біріктіріңіз.Формат:
{Timestamp}{Параметрлері бар сұраныс жолы}1-мысал: URL: https://abc.com/path/to/resource, timestamp: 1652360077, қолтаңба үшін жол:
1652360077/path/to/resource2-мысал: URL: https://abc.com/path?key1=value1&key2=value2, timestamp: 1676003122, қолтаңба үшін жол:
1676003122/path?key1=value1&key2=value2
Хештеу
Алынған жолдың хэшін HMAC-SHA256 алгоритмімен, сіздің
API Secretпайдаланып есептеңіз, және нәтижені Hex-жолға (кіші әріптермен/lowercase) айналдырыңыз.⏱ Қолданылу мерзімі: жасалған қолтаңба тура 1 минут бойы жарамды. Серверіңізде уақыт синхронизациясы (NTP) орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Алынған қолтаңба мен ағымдағы уақытты (timestamp) сұраныс тақырыптарында беріңіз:
X-Verigram-Hmac-SHA256- алынған Hex-жолX-Verigram-Ts- сіз қолтаңбалаған жолдағыдай дәл сол timestamp
Сонымен қатар екі стандартты тақырыпты да ұмытпаңыз:
X-Verigram-Api-Version,X-Verigram-Api-Key.
Тексеру өтпесе, сервер 401 Unauthorized қатесін қайтарады:
Invalid timestamp: қолтаңба мерзімі өткен (серверде сағатты тексеріңіз).Invalid API key:X-Verigram-Api-Keyдұрыс емес.Invalid signature: сұраныс деректері қолтаңба жасалған жолмен сәйкес келмейді.
import hmac
import hashlib
import requests
from datetime import datetime
# 1. Данные для авторизации
API_KEY = "your-api-key"
API_SECRET = "your-api-secret"
API_HOST = "https://services.kz-ala-1.verigram.kz"
# 2. Формируем параметры запроса
path = "/flow"
ts = str(int(datetime.now().timestamp()))
# 3. Собираем строку и создаем подпись (Hex-строка)
signable_str = f"{ts}{path}"
signature = hmac.new(
API_SECRET.encode("utf-8"),
msg=signable_str.encode("utf-8"),
digestmod=hashlib.sha256
).hexdigest()
# 4. Настраиваем заголовки
headers = {
"X-Verigram-Api-Version": "2.0.0",
"X-Verigram-Api-Key": API_KEY,
"X-Verigram-Hmac-SHA256": signature,
"X-Verigram-Ts": ts
}
# 5. Отправка POST-запроса
response = requests.post(f"{API_HOST}{path}", headers=headers)
print(response.status_code, response.json())import crypto from 'crypto';
// 1. Данные для авторизации
const API_KEY = "your-api-key";
const API_SECRET = "your-api-secret";
const API_HOST = "https://services.kz-ala-1.verigram.kz";
async function makeAuthenticatedRequest() {
try {
// 2. Параметры запроса
const path = "/flow";
const timestamp = Math.floor(Date.now() / 1000).toString(); // Время в секундах
// 3. Собираем строку и создаем подпись (Hex)
const signableStr = `${timestamp}${path}`;
const signature = crypto
.createHmac('sha256', API_SECRET)
.update(signableStr)
.digest('hex'); // Автоматически выдает lowercase Hex-строку
// 4. Настраиваем заголовки
const headers = {
'Content-Type': 'application/json',
'X-Verigram-Api-Version': '2.0.0',
'X-Verigram-Api-Key': API_KEY,
'X-Verigram-Hmac-SHA256': signature,
'X-Verigram-Ts': timestamp
};
// 5. Отправляем POST-запрос
const response = await fetch(`${API_HOST}${path}`, {
method: 'POST',
headers: headers
});
const result = await response.json();
console.log(`Status Code: ${response.status}`);
console.log('Response:', result);
} catch (error) {
console.error('Произошла ошибка при отправке запроса:', error);
}
}
makeAuthenticatedRequest();"Invalid timestamp" қатесі кезінде не істеу керек?
date -u --rfc-3339=ns; nc time.aws.com 13Айырмашылық байқалса, chrony немесе ntpd уақыт синхронизация қызметін серверде time.aws.com көрсетіп теңшеңіз.
Кілттерді айналдыру
API-секрет маңыздылығы бойынша парольге тең: оны иеленген адам сіздің аккаунтыңыздың атынан сұраныстарға қолтаңба қоя алады. Оны парольдер мен жеке кілттерді сақтағандай мұқият сақтаңыз және оны мобильді және веб-клиенттердің кодына, ашық репозиторийлерге немесе логтарға ешқашан енгізбеңіз.
Сақтау бойынша ұсынымдар:
API secret-ті орта айнымалыларында немесе құпиялар менеджерінде (мысалы, HashiCorp Vault) сақтаңыз
Сұраныстарға тек бэкендте қолтаңба қойыңыз. Құпия сөз браузерде немесе мобильді қолданбада орындалатын кодқа түспеуі керек.
Құпия сөзді email, мессенджерлер немесе қолдау көрсету тикеттері арқылы ашық түрде жібермеңіз.
Осы шаралардың барлығы сақталса да, құпия сөз, өкінішке орай, ағып кетуі мүмкін. Сондықтан API кілт пен құпия сөзді тек расталған ағып кету кезінде ғана емес, алдын ала белгіленген кестеге сай тұрақты түрде де айналдырыңыз.
Айналдыруды келесі алгоритм бойынша жүзеге асыруға болады:
Клиент консолінде "Generate Production Access Keys" батырмасын басыңыз.
Жүйеңізде ескі кілт пен құпия сөзді жаңа жұпқа ауыстырыңыз және барлығының жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
Ескі кілт жұбын қайтарып алыңыз ("Revoke" батырмасы)
