Current API version — 2.1.0
API сіздің клиенттеріңізді сәйкестендіру және нәтижелерді алу үшін қажетті ресурстарды (сессиялар, құжаттар, вебхуктер және т. б.) құруға мүмкіндік береді.
Негізгі URL: https://services.kz-ala-1.verigram.kz
Сізге басқа URL берілмеген болса, осы URL-ды пайдаланыңыз. Жүйе сіздің контуріңізде орналастырылған болса, тиісінше URL басқаша болады, әкімшілеріңізге хабарласыңыз.
Бұл жол файрволмен қорғалған. Осы URL бойынша сұраныстар жасау үшін сізге олар келетін IP-адрестерді ұсыну қажет. Ол үшін қолдау командасына хабарласыңыз: [email protected].
Интерфейс REST принциптерінде құрылған, сұраныстар мен жауаптар үшін JSON пайдаланады, сондай-ақ API-кілттер арқылы аутентификацияны талап етеді. Соңғы нүктелер (endpoints) және оларды пайдалану туралы толық ақпаратты API бойынша толық анықтамалықтан қараңыз.
API-дегі үйлесімсіз өзгерістер әрқашан жеке нұсқа түрінде шығарылады. Дегенмен, біз алдын ала хабарламай JSON-хабарламаларға жаңа өрістер қосу құқығын өзімізде қалдырамыз.
Осыған байланысты біз JSON объектісіндегі өрістердің санына тексерулерді енгізбеуді ұсынамыз. Сонымен қатар, белгісіз өрістер анықталғанда қате шығаратын объектілік түрлендіргіштердің (object mappers) параметрлерін пайдаланудан аулақ болыңыз
